«Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды
Фото: Видеодан скрин
Әнші Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Тойдағы видеоны әнші жеке парақшасында жариялап, белгісіз ер адамның құшақтап, сүйгенін айтты. Өнер иесі бұл жағдайға әзілмен жауап берген.
«Таяқ жейсіз. Қайта-қайта келіп, мені құшақтап, қайта-қайта сүйіп алды. Осындай әдемі нотамен… Иә, бауырларымыз ғой. “Ақылды тентек әр отбасында болады” дегендей, ағаларымыз аман болсын. Көңіл көтеріп жүргеніне ешқандай ренішіміз жоқ. Бәріміз тойға көңіл көтеру үшін келеміз. Аман болыңыздар», – деді әнші.
