Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі
Нұрқожа Қайпанов 1 қарашада Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында ресейлік Иналбек Шериевпен 74 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін күреседі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін, 1 қарашада, Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін белдеседі.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Финалда ол ресейлік Иналбек Шериевпен кездеседі. Белдесу Қазақстан уақытымен сағат 18:59-да басталады.
Қайпанов финалға дейінгі жолда Косово балуаны Эгзон Джониді, әзербайжандық Туран Байрамовты, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді және жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді жеңді.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов – 2024 жылғы әлем чемпионы. Ол әлем біріншілігінде 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль иеленген. Сонымен қатар қазақстандық балуан Азия чемпионатында үш рет – 2019, 2021 және 2025 жылдары алтын жүлдеге қол жеткізді.
