Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан скрин
Алматыдағы мешіттердің біріне ер адамның Samsung телефонын ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Әуезов ауданының полициясы жедел іздеу шараларын өткізіп, күдіктіні қолға түсірді. Ер адам ұрлығын мойындады.
«Күдікті осыған дейін бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды», – делінген ПД хабарламасында.
