Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды •

    Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл 

    Ертіске лас су ағып жатыр: Семейдегі экологиялық дабыл 

    Фото: видеодан скрин
    Абай облысы, Семей қаласында Ертіс өзеніне белгісіз құбырлар арқылы лас су мен түрлі қалдықтардың тікелей құйылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы әлеуметтік желіде белсенді Ержан Амарханов мәлімдеп, су астында жасырын тағы бір құбырдың барын айтып дабыл қақты.

    Ластанған Ертіс суы кейін Обь өзеніне барып қосылатындықтан, бұл экологиялық қауіптің ауқымы кең.
    Автор тиісті орындардың, соның ішінде Ертіс бассейндік инспекциясының бұл мәселеге немқұрайлы қарап отырғанын қатаң сынға алды.

    Сонымен қатар, жергілікті жерде балаларға арналған шағын конюшняның сүріліп, денсаулығында кінраты бар жеткіншектердің атқа мініп қуану мүмкіндігінен айырылғанына қатысты өкпесін жеткізді.
    Экология министрлігі бұл түйткілді шұғыл түрде жеке бақылауға алып, құбырлардың иесін анықтап,
    нақты шара қолдануы тиіс.

    Дереккөз: @amarkhanov_yerzhan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →