Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды

    Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртінің басына соққы жасады. Ол жарыстан шеттетіліп, полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.

    Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды

    Фото: скриншот

    Павлодарда жекеменшік әйелдер волейбол командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің матчы кезінде Шымкенттен келген жаттықтырушы өзінің шәкіртінің басына соққы жасады. Оқиғадан кейін ол жарыстан шеттетілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаттықтырушыға матчтар өтетін аймаққа кіруге тыйым салынды. Турнир барысында тәлімгер волейболшыны ұрғаннан кейін ол одан әрі жарысқа қатысудан шеттетілді. Сонымен қатар, жаттықтырушыға матчтар өткізілетін аймаққа кіруге рұқсат берілмейді.

    Павлодар облысы полиция департаменті зардап шеккен команда мүшесінің кәмелетке толмағанын хабарлады.

    «Волейбол командасының кәмелетке толмаған мүшесіне қатысты жаттықтырушының физикалық күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, Павлодардағы полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», – деді ведомствода.

    Полиция мәліметінше, тәлімгер ұсталды. Қыздың денсаулық жағдайы және тергеу жүргізіліп жатқан бап туралы деректер келтірілмеген.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →