Тоқаев ертең Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері және өзге де өкілдер қатысады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері мен Қазақстан халқы кеңесінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Мемлекет басшысының сөзі республикалық телеарналарда, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
