Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады •

    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті

    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті

    Алматыдағы Абай алаңында Республика күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтті. Іс-шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.

    Мерекелік бағдарламаға елімізге танымал өнерпаздар, дәстүрлі өнер өкілдері мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Көрермендерге Қазақстанға, оның тарихы мен тәуелсіздігіне арналған патриоттық әндер мен музыкалық шығармалар ұсынылды.

    Сахнада Талғат Күзембаев, Turar, Bayansulu, «Алашұлы», «Ұлытау» және «Арқайым» топтары, Ескендір Ибрагим, Алма Аманжолова, Еркеш Хасен, KAINAR, Айжан Нұрмағамбетова, Бақыт Шадаева, Сандуғаш Стамғазиева, Ернар Жұмабаев, Тахмина Әшімбекова, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Өктем Алтаев, Серікбол Сайлаубек, Інжу Әнуарбек, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері, сондай-ақ «Qazaq ART» вокалдық хоры өнер көрсетті.

    Концерттің әсерлі сәттерінің бірі Талғат Күзембаев пен «Qazaq ART» хорының орындауындағы «Атамекен» әні болды. Мыңдаған көрермен сүйікті әннің әуеніне қосылып, өнерпаздармен бірге шырқады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →