Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады
Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Оқушыларға арналған іс-шаралар ерікті негізде ұйымдастырылады, сабақ 2 қарашада басталады.
Фото: istockphoto.com
Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқушылар 26 қазан мен 1 қараша аралығында демалады. Мектептерде сабақ 2 қарашада қайта басталады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектептер балалардың демалысын мазмұнды өткізуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұсына алады. Оларға қатысу ерікті болады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы мен отбасыларының жоспары ескерілуі тиіс.
«Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру педагогтерге қосымша жүктеме түсірмеуі және есептілікті арттырмауы керек», – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.
Мектеп әкімшілігі демалыс кезіндегі іс-шараларды өткізуге және балалардың қауіпсіздігіне жауапты адамдарды алдын ала белгілейді.

Оқушылардың қатысуы ата-аналармен келісіледі. Ал мектептен тыс жерде өтетін іс-шаралар кезінде балаларға жауапты ересектердің еріп жүруі қамтамасыз етілуі қажет.
Сондай-ақ оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балаларға үйде, көшеде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіруге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда оқушыларға амандасу ережелері үйретілетіні туралы жазған едік.
