Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды
Астанадағы ауқымды рейдтер қорытындысы: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Полиция тұрғындарды заңды сақтауға шақырды.
Фото: Newtimes.kz
Астанада өткен ауқымды тексерулер қорытындысы бойынша 27 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шара барысында қызметкерлер көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеуді күшейтті. Негізгі назар профилактикаға, құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстардың алдын алуға аударылды.
Тексерулер нәтижесінде 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарылды.
Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.
