Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады •

    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Астанада патрульдік полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті. Полицей көлікті сүйемелдеп, зардап шеккен адамды қысқа уақытта медициналық мекемеге жеткізді.

    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Сурет: Polisia.kz

    Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектескен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бақытжан Аманбайға Audi S4 көлігінің жүргізушісі көмек сұрап жүгінген. Жүргізуші көлікте басынан ауыр жарақат алған досы барын айтып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге жәрдемдесуін өтінген.

    «Ер адам су құбырларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде басына құбыр тиіп, жарақат алғаны белгілі болды», — делінген хабарламада.

    Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицей зардап шеккен азамат отырған көлікті сүйемелдеп, оның ауруханаға кедергісіз жетуіне жағдай жасаған. Соның арқасында жарақат алған азамат медициналық мекемеге қысқа уақытта жеткізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →