Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды

    Астананың Есіл ауданында 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатында өрт шығып, төрт адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт аумағы 25 шаршы метр.

    Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды

    Сурет: ernur.kz

    Астанада 18 қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде төрт адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы бойында орналасқан 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. Өрт туралы шақырту таңғы сағат 10:36-да түскен. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.

    «Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару маскаларының көмегімен төрт адамды құтқарып қалды, олардың екеуі – балалар», – деп нақтылады баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →