Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді
Ақорда алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, рәсім барлық өңірде жалғасады.
Сурет: ernur.kz
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Одан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғсады.
