Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді
Ақорда алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Рәсім барлық өңірде жалғасады.
Фото: Ақорда
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Іс-шара барысында Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Одан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
