Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия елдері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Жиында өңірлік ынтымақтастық пен күн тәртібі талқыланды.
Фото: СІМ
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Грузия Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилидің шақыруымен Орталық Азия елдері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жиын барысында алты мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар мемлекеттердің ортақ ұстанымдары мен өзара мүдделеріне негізделген ынтымақтастығын жоғары бағалап, өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.
