Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады •

    Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз

    Хиромантия бойынша алақан пішіні, саусақ ұзындығы, бас бармақ икемділігі және сызықтар арқылы қабілетіңізді анықтаудың 7 қадамы.

    Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз

    Сурет: ЖИ

    Хиромантияда алақан адамның өзін-өзі таныту бағытын аңғаруға көмектеседі деп есептеледі. Өз бойыңыздағы мықты қырларды түсіну үшін бірнеше белгіні бірге қарастыру қажет. Алақаныңызды алдыңызға ашып қойып, өзіңізге шағын талдау жасап көріңіз.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    1-қадам. Алақан пішініне назар аударыңыз. Алақаны кең, пішіні шаршыға жақын адамдар көбіне практикалық қабілетімен ерекшеленеді деп саналады. Олар өз еңбегінің нақты нәтижесін көргенді ұнатады. Міндеттері айқын, жұмысы жүйелі ұйымдастырылған және білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бар ортада өздерін жайлы сезінуі мүмкін. Алақаны ұзынша, тік төртбұрыш тәрізді адамдар үшін идеялар, әсерлер және істің барысы маңыздырақ болуы мүмкін. Олар мамандық таңдағанда жалақыны ғана емес, атқарып жүрген жұмысына деген қызығушылығын да ескереді.

    2-қадам. Сұқ саусақ пен аты жоқ саусақты салыстырыңыз. Егер сұқ саусақ аты жоқ саусақтан ұзын болса, бұл көшбасшылық қабілетпен байланыстырылады. Мұндай адамға жауапкершілікті өз мойнына алу, өзгелерді ұйымдастыру, ұжымды немесе жобаны басқару оңайырақ болуы мүмкін. Ал аты жоқ саусақ сұқ саусақтан ұзын болса, шығармашылық қабілеті басым деп түсіндіріледі. Бірақ бұл міндетті түрде суретші немесе музыкант болу керек деген сөз емес. Шығармашылық қабілетті жарнамада, дизайнда, контент жасауда, жеке кәсіпте және басқа да көптеген салада қолдануға болады.

    3-қадам. Сұқ саусақтың астындағы аймаққа қараңыз. Сұқ саусақтың астындағы алақан бөлігі Юпитер төбесі деп аталады. Егер осы тұста ұсақ сызықтардан құралған анық төртбұрыш белгісі болса, хиромантияда оны ұстаздық қабілетпен байланыстырады. Мұндай белгі біліммен бөліскенді, күрделі нәрсені қарапайым тілмен түсіндіргенді, өзгелерді үйреткенді немесе оларға тәлімгер болғанды ұнататын адамдар үшін қосымша ишара ретінде қарастырылады.

    4-қадам. Бас бармақтың икемділігін тексеріңіз. Тік және қатаң бас бармақ. Бас бармақ кері қарай иілмей, түзу әрі мықты тұрса, бұл иесінің өте ұстанымды, табанды және мақсатына берік екенін білдіреді. Ондай адамдар өз шешімін оңай өзгертпейді және айтқанынан қайтпайды. Иілгіш (артына қарай қайырылатын) бас бармақ. Егер бас бармақ сыртқа қарай иілгіш келсе, бұл адамның жан-жақты, жағдайға тез бейімделгіш, жұмсақ мінезді және өзгелердің көзқарасын түсіне алатын эмпатиясы жоғары екенін көрсетеді.

    5-қадам. Шынашағыңызға назар аударыңыз. Ұзындығы аты жоқ саусақтың жоғарғы буынына дейін жететін, қисаймаған, пішіні түзу әрі айқын білінетін шынашақ адамның қарым-қатынас орната білу қабілетімен байланыстырылады. Осындай саусақ құрылысы хиромантияда іскерлік, шешендік, психологиялық икемділік пен интеллектуалды қарым-қатынас жасау әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл қасиеттер келіссөз жүргізуде, саудада, сабақ беруде, кеңес беруде және көпшілік алдында сөйлеуде пайдалы болуы мүмкін. Яғни нәтиже көбіне адамдармен тіл табыса білуге тәуелді болатын салаларда қажет.

    6-қадам. Ақыл-ой сызығын табыңыз. Ақыл-ой сызығы алақанның орта тұсымен өтеді. Хиромантияда ол адамның интеллект деңгейінен гөрі, ойлау тәсілін сипаттайды деп есептеледі. Түзу сызық – логикалық ойлау, практикалық көзқарас және нақты деректермен жұмыс істеу қабілетімен байланыстырылады. Төмен қарай доғаланған, иілген сызық – бейнелі ойлау, қиял және шығармашылық қабілеттің белгісі ретінде түсіндіріледі.

    7-қадам. Өмір сызығы мен Тағдыр сызығына көз салыңыз. Өмір сызығы. Бас бармақты айнала орналасқан бұл сызық тек өмір ұзақтығын емес, адамның ішкі энергиясын, өмірлік күш-қуатын сипаттайды. Айқын әрі терең сызық адамның денсаулығы мен төзімділігінің жоғары екенін білдіреді. Тағдыр сызығы. Алақанның ортасынан жоғары қарай тік көтерілетін бұл сызық адамның мақсаткерлігін, мансаптағы жолын және өмірлік бағытын табу қабілетін көрсетеді. Егер бұл сызық анық болса, адам өз ісінің шебері атанып, мансап жолында биіктерге жетеді.

    Аударған: Т. Сейітхан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →