Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент •

    Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес. Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатырмыз. Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

    Оның айтуынша, халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді.

    «Ұлттық болмысымыздың мызғымас нышандары – мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреді. Ұлттық қаржы жүйесі құрылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделді. Қасиетті Сарыарқаның төрінде, бұрынғы ескі қаланың орнында бүкіл дүние жүзін таңғалдырған, әлем мойындаған жаңа елордамыз – Астананың іргесі қаланды. Біз бірлігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде танылдық», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, біз бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық.

    «Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік. Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →