Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды •

    Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды

    Қаржы министрлігі салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқан және үш айдан астам өтелмеген жағдайда Қазақстаннан шығуға шектеу қойылатынын хабарлады.

    Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды

    Сурет: istockphoto

    Қаржы министрлігінің хабарлауынша, салық берешегі туындаған күннен бастап үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген және оның мөлшері 27 000 АЕК-тен асқан жағдайда Қазақстаннан шығуға рұқсат етілмейді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Биылғы 1 қаңтардан бастап салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері өзгертілді. Бұрын тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, берешек мөлшері 1 теңгеден басталған жағдайда өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін болса, енді сараланған тәсіл енгізілді.

    Берешек мөлшері 20 АЕК-тен аз болған жағдайда салық төлеушіге берешектің бар екендігі туралы хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Өзге өндіріп алу шаралары қолданылмайды.

    «Берешек мөлшері 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейін болған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, сондай-ақ инкассалық өкімдер шығарылады», — дейді министрлік.

    Берешек мөлшері 45 АЕК-тен асқан жағдайда мүлікті тізімдеу және өткізу, сондай-ақ дебиторлар есебінен өндіріп алуды қоса алғанда, заңнамада көзделген барлық өндіріп алу шаралары қолданылады.

    Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіне қосымша шара – Қазақстаннан шығуды уақытша шектеу енгізілді. Бұл норманы іс жүзінде қолдану биыл 1 қазаннан басталды.

    «Бұл шара салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқан және туындаған күннен бастап үш айдан астам уақыт бойы өтелмеген жағдайда қолданылуы мүмкін», — делінген хабарламада.

    Шектеу дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарға қатысты қолданылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →