Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды •

    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер

    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге ресми өтінім берді. Турнирге Испания, Хорватия, Франция, Финляндия, Грузия және Польша да үміткер.

    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер

    Сурет: UEFA

    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдауға ниет білдірген елдер қатарына қосылды. Қазақстан футбол федерациясы құрлықтық додаға қожайын болу үшін ресми өтінім берді. Турнирді өткізу құқығы үшін еліміз тағы алты мемлекетпен бәсекелеседі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) мәліметінше, 2030 жылғы Еуропа чемпионатын ұйымдастыруға қызығушылық танытқан мемлекеттердің саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

    Қазақстаннан бөлек, турнирді өткізуге Испания, Хорватия, Франция, Финляндия, Грузия және Польша ниет білдірген. Осылайша, футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдау құқығына барлығы жеті мемлекет таласады.

    УЕФА бекіткен талаптарға сәйкес, үміткер елдер турнирді ұйымдастыруға қатысты соңғы өтінімдерін 2027 жылғы 8 маусымға дейін тапсыруы тиіс. Бұл құжаттарда спорттық инфрақұрылым, жарыс өткізілетін ареналар, командаларды орналастыру және чемпионатты ұйымдастыруға қажетті басқа да мәселелер қамтылады.

    Ал 2030 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел 2027 жылдың қыркүйегінде анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →