Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды •

    «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді

    Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының екінші турында өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді. Матч 22 қазанда Орталық стадионда өтті.

    «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді

    Сурет: turkystan.kz

    Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші матчында ірі есеппен жеңіліс тапты. Қазақстандық клуб өз алаңында Грекияның «Панатинаикос» командасына 1:5 есебімен жол берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу 22 қазанда Алматының Орталық стадионында өтті. Еурокубоктағы алғашқы үй матчында «Қайрат» грек клубының шабуылдарына төтеп бере алмады. Қонақтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытып, үзіліске дейін есепте алға шықты.

    Ойын басталғаннан кейін көп ұзамай грек командасы есеп ашты. Алтыншы минутта аргентиналық жартылай қорғаушы Висенте Таборда «Қайрат» қақпасына алғашқы голды енгізді. 24-минутта төреші алматылық клубтың қақпасына пенальти белгіледі. Он бір метрлік айып добын нигериялық шабуылшы Сирил Дессерс сәтті орындап, есепті 0:2-ге жеткізді.

    47-минутта Дессерс тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды. Араға он минут салып, 57-минутта замбиялық жартылай қорғаушы Кингс Кангва есепті 0:4-ке жеткізді. Ал 75-минутта македониялық шабуылшы Эльмин Растодер бесінші голды соғып, қонақтардың басымдығын арттырды.

    Алматылық команда кездесудің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. 79-минутта қазақстандық футболшы Исмаил Бекболат қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Қайраттың» жалғыз голын соқты. Бұл шабуылда оған Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Александр Широбоков нәтижелі пас берген. Алайда алаң иелері қалған уақытта есепті өзгерте алмады.

    «Қайрат» турнир кестесінде нешінші орында тұр? Бұл – алматылық клубтың Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңілісі. Бірінші турда «Қайрат» Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең түскен еді. Екі кездесуден кейін қазақстандық клубтың еншісінде бір ұпай бар. Матч аяқталған сәттегі мәлімет бойынша, «Қайрат» жалпы турнирлік кестеде 22-орында тұрды. Алайда қалған кездесулердің нәтижесіне қарай оның орны өзгеруі мүмкін.

    Ал «Панатинаикос» екі матчта да жеңіске жетіп, алты ұпай жинады. Грекиялық клуб екінші турдағы матчынан кейін турнир кестесінің көшіне шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →