Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? •

    Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды

    Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды

    Ғ. О. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде «Қазақмыс» корпорациясындағы Қауіпсіздік жылы аясында ұйымдастырылған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі екі күндік форум аяқталды. Іс-шараға компания басшылары, кеніш директорлары, өндірістік учаске басшылары және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды қоса алғанда 48 адам қатысты. Екі күнге ұласқан форумда қатысушылар 24 адамнан екі топқа бөлініп, жұмыс істеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Форумның басты тақырыбы – өндірістік тәуекелдердің алдын алу және жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін себептерді жою болды.

    Практикалық сабақ барысында қатысушылар жерасты жұмысын орындау кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды талдап, нақты өндірістік оқиғаларды қарастырды және қауіпсіздік деңгейін арттыру шараларын бірлесіп талқылады.

    Өндірістік учаскелердегі жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауапты желілік басшылардың рөліне ерекше назар аударылды. Екі күндік форумның қорытындысында қатысушылар анықталған тәуекелдерді жоюға және өндірістік үдерісті жетілдіруге бағытталған бірқатар бастама әзірледі. Оларды Шахтапроходкалау тресінің нысандарында іске асыру жоспарланды.

    2026 жылдың тоғыз айында трестегі өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Дегенмен компанияда оң динамика еңбек жағдайын тұрақты бақылау және жазатайым оқиғалардың алдын алу қажеттілігін жоққа шығармайтыны атап өтілді.

    Форум өткізу тәжірибесін Қазақмыстың басқа да кәсіпорындарына тарату жоспарланып отыр. Мұндай формат өндірістегі мамандардың тәжірибесін басшылықтың басқарушылық шешімімен ұштастырып, тәуекелдерді дер кезінде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

    Форум Қазақмыстың қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды. Оның негізгі мақсаты – тәуекелдің алдын алу, еңбек жағдайы үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әрбір жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →