Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты •

    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті

    ТүркПА отырысы шеңберінде Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті

    Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

    ТүркПА отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесу өткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесуде Айбек Дәдебай қырғыз әріптесін Қырғызстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, қонақжайлығы үшін алғыс білдірді. Ол Қырғызстан Парламентімен екіжақты қарым-қатынасты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңес, достық тобы және салалық комитеттер арқылы барлық деңгейде одан әрі дамыту Құрылтай үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.

    – Президенттеріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартта көрініс тапты. Бүгінгі мақсатымыз – Президенттеріміздің уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, – деді Құрылтай Төрағасы.

    Айбек Дәдебай қырғыз әріптесіне Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформалар туралы мәлімет берді. Жаңа Халықтық Конституцияға сәйкес бір палаталы Құрылтай, Вице-президент институты және мүлде жаңа консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі құрылғанын айтты.

    Өз кезегінде Марлен Маматалиев Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының екіжақты негізде де, көпжақты алаңдарда да өзара түсіністігі мен табысты іс-қимылын атап өтті. Жогорку Кенеш Төрағасы қазақстандықтарды жүргізілген реформаларға байланысты құттықтап, Құрылтай депутаттарына жемісті жұмыс тіледі.

    Тараптар заң шығару қызметіндегі тәжірибе алмасуды одан әрі кеңейту, түрлі парламентаралық ұйымдар мен халықаралық бірлестіктер аясындағы бірлескен жұмысты күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ музыка, театр, кино және спортты қамтитын мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →