Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады •

    99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты

    99 жастағы Хельга Даффи ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты. Ол 1300 фунт стерлингтен астам қаражат жинап, санитарлық авиацияға көмектесті.

    99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты

    Сурет: instagram.com/wbairambulance

    Ұлыбританияда тұратын 99 жастағы Хельга Даффи ерекше жетістігімен әлемді таңғалдырды. Қария ұшақтың қанатына бекітілген күйде әуеге көтеріліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    16 қазанда Хельга Даффи шағын екі қанатты ұшақтың жоғарғы қанатына арнайы қауіпсіздік белдіктерімен бекітіліп, әуеге көтерілген. Осылайша, ол мұндай экстремалды ұшуды жүзеге асырған әлемдегі ең қарт әйел атанды.

    Рекорд орнатқан сәтте оның жасы 99 жас 21 күн болған. Әуедегі ерекше сапар шамамен сегіз минутқа созылған.

    Ұшақ жерге қонғаннан кейін Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері әжейге жетістігін растайтын арнайы сертификат табыстады.

    Хельга Даффи 1927 жылы 23 қыркүйекте Германияда дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін медбике болып жұмыс істеуге арнаған. Қазір Ұлыбританиядағы қарттар үйінде тұрады.

    Оның мұндай батыл қадамға баруына 97 жасында ұшақ қанатында ұшып, рекорд орнатқан Бетти Бромейдж туралы жаңалық әсер еткен.

    Хельга денсаулығында бірқатар қиындық болғанына қарамастан, арманына жетуден бас тартпаған. Ол остеоартритпен ауырады, сондай-ақ оң тізесінде мәселелері бар. Соған қарамастан, арнайы мамандардың бақылауымен ұшуды сәтті аяқтады.

    Әжейдің бұл әрекеті тек әлемдік рекорд орнатумен шектелмеді. Ол ерекше бастамасы арқылы Уилтшир мен Бат өңірлеріндегі санитарлық авиация қызметіне көмек көрсету үшін 1300 фунт стерлингтен астам қаражат жинаған. Бұл шамамен 781,7 мың теңгені құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →