16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
«Қазгидромет» 16 қазанда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және түнде Жезқазған, Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін хабарлады.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 16 қазанда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Жезқазған, Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, делінген хабарламада.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
