Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды •

    Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды

    Маңғыстау облысында ысталған балықтан ботулизм жұқтырған үш науқас емделіп, үйлеріне шығарылды. 17 қыркүйектегі оқиғадан кейін 9 жастағы бала 6 қазанда қайтыс болды.

    Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды

    Сурет: istockphoto.com

    Маңғыстау облысында ысталған балық жегеннен кейін ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас емделіп, үйлеріне шығарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 17 қыркүйекте Мұнайлы ауданында тіркелген. Отбасылық дастарқан басында төрт адам салқын әдіспен ысталған балық жеген соң өздерін жайсыз сезінген. Кейін олардың барлығы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, ботулизм диагнозы қойылған.

    Науқастардың үшеуі ем қабылдап, жағдайы жақсарғаннан кейін ауруханадан шығарылды. Алайда осы жағдайдан кейін ауруханаға түскен 9 жастағы бала 6 қазанда көз жұмған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →