Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды •

    Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды

    Оралда Ресейде әскери қызметін тастап, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматына 865 мың теңге айыппұл салынып, елден шығарылды.

    Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды

    Сурет: politico.kz

    Орал қаласында Ресей Федерациясының аумағында әскери қызметін өз бетінше тастап кетіп, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот шетел азаматы М.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әдейі заңсыз кесіп өту) айыпты деп таныды.

    Үкім бойынша оған 865 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу және ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот Рақымшылық туралы заңға сүйеніп, азамат М.-ны негізгі жаза — айыппұл төлеуден босатты.

    Сот анықтағандай, шетел азаматы М. Ресей Федерациясының Қарулы күштерінде әскери қызмет өткерген. 2025 жылдың шілдесінен бастап ол қызмет орнын өз бетінше тастап, Ресейдің құзыретті органдарынан бой тасалап жүрген.

    2026 жылдың мамырында ол Ресей Федерациясының аумағынан шығып кету мақсатында карта сервистері арқылы Қазақстан бағытындағы шекараны заңсыз кесіп өту бағытын әзірлеген. Кейін шекаралық бөгеттер мен белгілерге қарамастан, өткізу пунктінен тыс жерде шекаралық және басқа да бақылау түрлерінен өтпей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

    Шекарадан өткен соң азамат М. Орал қаласына жетіп, одан әрі Жамбыл облысының Тараз қаласына барып, өзге шетелге кетпек болған. Алайда ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен ұсталды.

    Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетінің мәжбүрлі болғанын ескеруді, бас бостандығынан айырмауды және елден шығармауды өтінді.

    Сот актісі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →