Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты •

    Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды

    Алматыда бетперде киіп, пышақ ұстаған жасөспірімдердің видеосы тарады. Полиция балаларды анықтап, ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды

    Сурет: Stan.kz коллажы

    Алматыда бетперде киген, қолдарына пышақ ұстаған жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғадан кейін полиция балаларды анықтап, олардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Желіде жарияланған жазбалардың бірінде балалардың Шевченко көшесіндегі Ганди атындағы саябақ маңында жүргені айтылған.

    «Бұл топ Шевченко көшесіндегі Ганди атындағы саябаққа жиналған. Олардың арасында шамамен 12-13 жастағы бір бала жиналмалы пышақ ұстап, досының артынан жүгірген. Кейін басқа бір баланың жанына келіп “Бетіңді тіліп жіберейін бе?” деп сұрады», – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

    Полиция қызметкерлері видеоға түскен балаларды анықтаған. Ведомство мәліметінше, олардың төртеуі де 9-12 жас аралығында.

    Мән-жайды анықтау үшін балалар полиция бөлімшесіне жеткізілген.

    «Тексеру нәтижесінде жасөспірімдердің Алматыдағы әртүрлі жалпы білім беретін мектептерде оқитыны анықталды. Олар өз әрекеттерін ойынмен түсіндірді. Балаларын тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

    Полиция балалардың Қазақстан азаматтары екенін де нақтылады.

    Ата-аналарға нақты қандай жаза қолданылғаны жарияланған жоқ. Алайда тиісті әкімшілік бап бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Полицияның мәліметінше, балалар мектепішілік есепке қойылған. Сонымен қатар олардың отбасындағы жағдай уәкілетті органдардың бақылауына алынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →