Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды
Алматының Алмалы ауданында полиция ақшаға интимдік қызмет көрсетілген пәтерді анықтады. Тексеру жүргізіліп, әйелдер мен пәтер иесінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Фото: Видеодан скрин
Алматының Алмалы ауданында тәртіп сақшылары ақшаға интимдік қызмет көрсетілген пәтерді анықтады. Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан баспанада екі әйел болған.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Оның бірі – Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны, екіншісі – Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы. Полицияның мәліметінше, екеуі де ақша үшін интимдік қызмет көрсеткендерін мойындаған.
Әйелдер Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша әйелдер мен пәтер иесінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Полиция пәтерді жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі беру де заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
