Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды
Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты іс бойынша Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды. Сот санкция берді.
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасына қатысты іс бойынша Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөлімшесі оны қызметке немқұрайлы қарауға күдіктеп ұстады. Сот оны қамауға алуға санкция берді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ниязбеков 3 қазанда лауазымынан босатылған болатын – тиісті өкімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Одан бұрын, 27 қыркүйекте президент Әскери-теңіз күштері басшылығының оқу-жаттығуларды дайындаудағы рөлі туралы мәселені жеке көтерген еді:
«Неге жаттығуларда Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы болмады? Жауапсыздық, немқұрайлылық, көзбояушылық әдетке айналды», – деді Тоқаев.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
