Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ •

    Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды

    Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды

    Фото: gov.kz

    Астанада жолаушылардың автобуста жүру құны 150 теңгеге дейін көтерілетін болды. Қала әкімдігі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Елорда әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көліктің жолақысы 2014 жылы 90 теңге мөлшерінде белгіленіпті. Ал соңғы 12 жыл ішінде оның құны небәрі бір рет қана қымбаттап, 110 теңгеге көтерілген.

    «2014 жылдан бері негізгі шығындар, атап айтқанда, жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын айтарлықтай өсті.

    Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазіргі уақытта оның бағасы 329 теңгені құрайды. Осылайша, аталған кезеңде дизель отынының құны 3 еседен астам өсті. Жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын да айтарлықтай артты. Мәселен, 2014 жылы жүргізушілердің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңгені құраса, қазіргі уақытта автобус класы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады. Осы кезеңде қосалқы бөлшектердің, автомобиль шиналарының, аккумулятор батареяларының, автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысының, сондай-ақ жаңа жылжымалы құрамды сатып алу құны да едәуір өсті», – делінген әкімдік хабарламасында.

    Шығынның айтарлықтай өскеніне қарамастан, соңғы үш жылда қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай келетін 1127 жаңа автобус сатып алыныпты. Бұған қоса, тегін жол жүретін азаматтар да бар.

    Олар: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген азаматтар; жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ зейнет жасына жеткен, жасы бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар; көпбалалы аналар; көпбалалы отбасылар; мүгедектігі бар адамдар; он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірі; Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандары,

    «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталғандар. Сонымен қатар 2020 жылғы наурыздан бастап Астанада білім алатын 18 жасқа дейінгі балалар үшін де жол жүру тегін. «1 желтоқсаннан бастап қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жолақысын 150 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылады», – деп жазады Астана әкімдігі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →