Маңғыстауда ер адам жартасқа жазу қашап, видеоға түсті
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ер адам жартасқа жазу қашағаны видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Полиция әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Сурет: newtimes.kz
Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай шатқалында ер адам жартасқа жазу қашағаны бейнежазбаға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Видео қолданушылардың ашу-ызасын тудырды. Көпшілік ер адамның жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартуға шақырды. Сондай-ақ пікірлерде куәгерлердің оны тоқтатпағанына назар аударылды.
«Столько народу, и никто не остановил», «Взрослый мужик…дети смотрят…», «Кто это снимал? Почему не остановил его?» — деп жазады желі қолданушылары.
Жариялау сәтінде полиция ер адамның жеке басы анықталғанын және осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарламады.
Бұған дейін шетелдіктер Шығыс Қазақстан облысындағы көл жағасындағы жартасқа сурет салған болатын. Бұзушылардың жеке басы анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жартасқа түсірілген жазуды өшіруге міндеттелді.
