Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарқаралыда тауда адасқан екі адам құтқарылды

    Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тауда адасқан екі адамды ТЖМ құтқарушылары тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

    Қарқаралыда тауда адасқан екі адам құтқарылды

    Фото: newtimes.kz

    Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тауда адасып қалған екі адамды ТЖМ құтқарушылары тауып алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    1973 және 1978 жылы туған азаматтар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Бассейн көліне қарай бет алған. Алайда олар бағытынан адасып, қиын жағдайға тап болған.

    Құтқарушылар берілген координаттар мен байланыс ақпаратын пайдаланып, оларды қысқа уақыт ішінде тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →