Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

    Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. Жарыс 12 қазанға дейін жалғасады.

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

    Фото: НОК РК

    Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Шерзод шешуші белдесуде Әзірбайжан өкілі Ахмад Юсифовке есе жіберді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бакудегі әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Жарысқа 93 елден 622 спортшы қатысып жатыр.

    Бұған дейін Қазақстанның ұлттық құрамасы Жапонияның Айти–Нагоя аймағында өткен ХХ жазғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтаған болатын. Барлық жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық атлеттер 84 наградаға қол жеткізді: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →