Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемдік нарық мыс концентратын қайта өңдеу саласына жаңа талаптар қойып отыр — профессор Байгенженов • Танымал адамдардың парақшасын кім бұғаттап жүр? Ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді • Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Әлемдік нарық мыс концентратын қайта өңдеу саласына жаңа талаптар қойып отыр — профессор Байгенженов • Танымал адамдардың парақшасын кім бұғаттап жүр? Ішкі істер министрінің орынбасары жауап берді • Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) •

    Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

    Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

    Фото: Астана ПД

    Астанада Zeekr электромобилі мен қалалық автобус соқтығысып, салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді.

    Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.

    Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатқан. Бағдаршамның рұқсат беретін белгісіне солға бұрылған кезде ол қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

    «Жол-көлік оқиғасы салдарынан Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

    Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →