Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті
Фото: ҰОК
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Абиба Әбужақынова ширек финалда Үндістан спортшысы Асмита Дейді 25 секундта иппонға түсірді.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
