Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды •

    800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр

    800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр

    Фото: Қазақмыс

    Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ашылды. Жаңа нысандар «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен Шу ауданының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Аталған алаңдар балалар мен жастардың спортпен шұғылданып, белсенді демалуына жағдай жасайды. Олар компанияның ауданда 2026-2027 жылдары жүзеге асыратын әлеуметтік бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы нысандар.

    Меморандум аясында жалпы бюджеті шамамен 800 млн теңгені құрайтын тоғыз әлеуметтік жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарында жаңа спорт алаңдары мен кешендерін салу, балабақшаны жөндеу, көшелерді жарықтандыру және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты басқа да жобалар бар.

    «Қазақмыс» компаниясы өзінің қатысы бар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дамытуда. Басым бағыттар қатарында балалар мен жастарға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бар.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →