Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты
Фото: ҰОК
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шамиль Ожаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 1/4 финалға шықты.
Шамиль Ожаев 87 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында ирандық Голамреза Фарохисенджанимен белдесіп, басым түсті.
Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) ширек финалға өткен еді.
