Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойды

    Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізіліп, оның екі батарейка жұтып қойғаны анықталды. Дәрігерлер шұғыл операция жасады.

    Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойды

    Фото: freepik

    Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді. Тексеру барысында оның екі батарейка жұтып қойғаны анықталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Дәрігерлер шұғыл операция жасап, бөгде заттың бірін алып шықты. Екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар баланың жағдайын бақылады. Бірнеше күннен кейін ол табиғи жолмен шықты.

    Операциядан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем алған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың жағдайы тұрақты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →