Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астананың қақ ортасында Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті (ВИДЕО) • Элеваторларға талап бар, бірақ шаруалардың шағымы азаймаған • Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  • Астананың қақ ортасында Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті (ВИДЕО) • Элеваторларға талап бар, бірақ шаруалардың шағымы азаймаған • Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  •

    Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

    Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

    Фото: ҰОК

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Шайдоровтың еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар. Әлемдік рейтингтің көшін америкалық Илья Малинин 4590 ұпаймен бастап тұр. Үшінші орында – жапониялық Юма Кагияма. Оның қоржынында 4123 ұпай бар.

    Бұл – Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейін Братиславада өткен ISU Challenger сериясындағы Ondrej Nepela Memorial турнирінде қола жүлде иеленген еді. Бұл жарыс Шайдоров үшін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық бәсеке болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →