Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды
Семейдегі Shygys Mall сауда үйінде 1990 жылы туған әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Оқиға орнына жеткен ТЖД мамандары гидравликалық құралмен эскалатордың арасын ашып, әйелдің аяғын босатқан. Зардап шеккен тұрғын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Адам көп жиналатын сауда нысанында мұндай жағдайдың болуы эскалаторлардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталып отырғанына сұрақ туғызады.
Қала әкімдігі мен жауапты органдар Семейдегі сауда орындарындағы көтергіш құрылғылардың қауіпсіздігін жаппай тексеруі керек деген мәселе бар. Әзірге оқиғаның нақты неден болғаны және эскалатордың техникалық ақауы болған-болмағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Видео: @arnapress_news
Фото: iphones.ru
