Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ •

    Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

    Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

    Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

    – Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.

    – Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді. Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →