Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қызылорда облысында тұрғынды пышақтаған жасөспірім ұсталды

    Қызылорда облысында тұрғынды пышақтаған жасөспірім ұсталды

    Фото: Egemen Qazaqstan

    Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны пышақ жарақатын алғаннан кейін полицияға жүгінген. Оқиғаға қатысты кәмелетке толмаған жасөспірім күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолданылды. Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтай мәлімдеді.

    «Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — деді ол.

    Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, тиісті шаралар қабылдауы тиіс.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →