Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ
Фото: Видео скриншот
Жанармай сапасына күмән келтірген тұрғын тәуелсіз сараптама жасатудың құны 300 мың теңгеден басталатынын айтты. Оның сөзінше, Өндіріс көшесі, 118 мекенжайындағы Qazaq Oil жанармай құю бекетінің менеджері резервуардағы бензиннен сынама берген.
Енді тұрғын оны тәуелсіз зертханаға тапсырып, бензиннің сапасын тексермек.
Алайда мұндай сараптаманың құны 300 мың теңгеден басталады және мұндай шығынды кез келген жүргізушінің қалтасы көтере бермейді.
Осыған байланысты ол жанармай сапасын тәуелсіз тексеру қарапайым тұтынушы үшін қаншалықты қолжетімді деген мәселе көтерді. Қазір тұрғын сараптама қорытындысын күтіп отыр.
