Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды • Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 25 алтын медаль жеңіп алды • Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды • Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 25 алтын медаль жеңіп алды • Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды •

    Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын хабарлап, жаңа министр Айдос Мырзахметовті таныстырды. Әскерді реформалау және цифрлық трансформация жоспарлары айтылды.

    Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне тоқталды. Ол жеке құрамның қауіпсіздігіне айрықша назар аударды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің пікірінше, Үкіметтік комиссия оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізуге, әскерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге және қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты барлық лауазымды тұлғаның әрекетіне баға беруге тиіс.

    Сонымен қатар президенттің өкіміне сәйкес Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру басталды. Тексеру барысында әскери қызметті ұйымдастыру, әскерді жабдықтау, сондай-ақ оның материалдық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі жан-жақты зерделенеді.

    Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқаратын комиссия жүйелі сипат алған заң бұзушылықтарды анықтап, кімдердің жауапқа тартылатынын айқындауы қажет.

    Мемлекет басшысы әскери қызметшілер лауазымына, шеніне қарамастан жауапқа тартылатынын, заң бойынша қатаң жазасын алатынын ескертті. Аталған мәселе президенттің жеке бақылауында.

    «Бұл оқиға армияда олқылықтар өте көп екенін және кәсібилік жетіспейтінін анық көрсетті. Әскерді түбегейлі реформалауды іске асыратын уақыт келді. Бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Мен осыған байланысты кадрлық шешімдер қабылдадым. Сіздерге Қазақстан Республикасының жаңа Қорғаныс министрі Мырзахметов Айдос Сәкенұлын таныстырғым келеді. Айдос Сәкенұлы күрделі кезеңде қызметке кірісіп жатыр. Жауапкершілік – өте жоғары, алдағы міндеттер – аса күрделі. Батыл шешімдер қабылдануға тиіс», – деді мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне тоқталды.

    «Жақында Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратымен өткен жиында әскери салада атқарылатын басым міндеттерді айқындадым. Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған. Сонымен қатар қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құру керек. Кешенді тәсіл қолдану қажет. Ал ол үшін бағыт-бағдарымыз анық болғаны жөн. Бұл дүниетанымы кең, сауатты офицерлердің ғана қолынан келеді. Реформаның мақсаты – жаңа үлгідегі әскер жасақтау», – деді мемлекет басшысы.

    Президент армияда цифрлық трансформация жүргізуді, мүмкіндігінше адамды технологиямен алмастыруды тапсырды.

    «Әскерді дамытудың жаңаша тәсілдері қажет. Таптаурын шешімдер, алдамшы амалдар, қағаз жүзінде бәрін керемет етіп көрсететін өтірік есептер ешкімге қажет емес», – деді президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →