Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен марафон қашықтығында алтын медаль жеңіп алды.
Сурет: ҰОК
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева жеңімпаз атанды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол спорттық жүрістен марафон қашықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті. Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.
Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі. Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.
