Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады
Бас прокуратура Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметкерлердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады, деп жазады Qazaqtoday.info.
Бас прокуратураның мәліметінше, Ақтау гарнизонындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», – делінген хабарламада.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
