Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді •

    Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды

    Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды

    Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Қазақстандық экипаж академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.

    А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.

    Қазақстандық спортшылар бұған дейін ірі халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Яковлев пен Чернухин ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды. Азия ойындарындағы жеңіс олардың халықаралық аренадағы табысты нәтижелерінің жалғасы болды.

    Айта кетейік, академиялық есуден жарыстар Қазақстан құрамасы үшін жалғасуда. Бүгін Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік сында А финалында да бақ сынайды.

    Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →