Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ

    Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды

    Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды

    Фото: Polisia.kz

    Астанада есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды. Полиция оның көлігін тінту кезінде бір келіден астам мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер әйел басқарған көлікті тоқтатқан. Көлік салонын тексеру кезінде жол сөмкесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама табылған.

    Сараптама нәтижесінде олардың құрамында мефедрон бары анықталды. Жеке тінту кезінде күдіктінің өзінен де осыған ұқсас тағы бір орама тәркіленген.

    Бұдан бөлек, әйел полицияға бұған дейін тағы үш орама жасырылған үш орынды көрсеткен. Ол жерлерден алынған заттардың да мефедрон екені сараптамамен расталды.

    Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асты.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

    Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда есірткі қылмысына қатысы бар 69 жасөспірім ұсталғанын хабарлаған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →