Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды

    Әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен «Қара алтын» фильмінің продюсері Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды. Дау фильм төңірегіндегі пікірден басталды.

    Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды

    Сурет: Sn.kz коллажы

    Әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен «Қара алтын» фильмінің продюсері Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды. Бұған әзілкештің фильм төңірегінде айтқан пікірі себеп болған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Продюсер әзілкештің сөзіне жауап қайтарып, фильмге қатысты сын мен пікірлерді маркетинг деп бағалауға келіспейтінін жеткізді.

    «Нұрболхансыз күніміз қалай болар екен енді?! Бықсытып не айта алмай жүрсіз өзі, Н мырза? Азаматсыз ғой, ашып айтсаңызшы міңгірлей бермей. Жұрт киноларды салыстырса – ол біздің маркетинг екен, бір көрермен назын айтса – тағы біздің манипуляция. Осы 10 күн бойы шулап жатқан елдің бәрі менің жеке танысым шығар мүмкін? Әлия Бөпежанова, Айгүл Ісмақова бастаған жүздеген өнер-ғылым өкілдерінің жоғары бағасын ақша беріп сатып алған шығармыз», – деді продюсер.

    Нұрболхан Шарапов та бұл жазбаны жауапсыз қалдырмай, продюсермен дауласып отыруға уақыты жоқ екенін айтты.

    «Әпше, қойшы, өзім соғыстан кеше келдім. Енді сенімен алысатын уақыт жоқ. Менсіз жасай бер маркетингті. Кино түсірдім деп шетімізден аузын ашқанның бәрін қырып бара жатсыз ғой. Бармаған халықты кінәләп, бәрін чмо дегенге қосылып отырсаңыз, онда ниетіңізге қарай касса бұйырса. Сәттiлiк», – деді әзілкеш.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →