Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады ЖИ алпауыттарын технология дамуын баяулатуға сөз байласты деп айыптады Астана әуежайында тексеруден кейін тегін су станциялары пайда болды Қазақстан шахматшы қыздары Германияны Әлем олимпиадасында жеңді Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады ЖИ алпауыттарын технология дамуын баяулатуға сөз байласты деп айыптады Астана әуежайында тексеруден кейін тегін су станциялары пайда болды Қазақстан шахматшы қыздары Германияны Әлем олимпиадасында жеңді Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады

    ЖИ алпауыттарын технология дамуын баяулатуға сөз байласты деп айыптады

    Anthropic, OpenAI, SpaceXAI және Google компанияларына ЖИ дамуын баяулатуға келісті деген айыппен азаматтық талап-арыз берілді. Талапкерлер мұны заңсыз келісім деп санайды.

    ЖИ алпауыттарын технология дамуын баяулатуға сөз байласты деп айыптады

    Фото: habr.com

    Anthropic, OpenAI, SpaceXAI және Google компанияларына жасанды интеллектіні дамыту қарқынын әдейі баяулатуға келісті деген айыппен азаматтық талап-арыз берілді. Талапкерлер мұны бәсекелестер арасындағы заңсыз келісім деп есептейді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Талап-арыз Калифорнияның Солтүстік округінің федералдық сотына түсірілген. Құжатта Anthropic басшысы Дарио Амодейдің жасанды интеллект дамуын баяулату үшін сала көлемінде үйлесімді әрекет ету туралы үндеуі айтылған. Бастаманы Илон Маск, Сэм Альтман және Демис Хассабис те қолдағаны көрсетілген.

    Талапкерлердің адвокаты Ник Роулидің пікірінше, мұндай шешімдерді жеке компаниялар емес, мемлекет қабылдауы тиіс. Ол жасанды интеллектінің адам бақылауынан шығып кету қаупіне байланысты заңды әрі ашық мемлекеттік бақылау қажет екенін мәлімдеді.

    Арызданушылар істі кейін ұжымдық талап-арызға айналдыруды көздеп отыр. Олар жасанды интеллект дамуының ықтимал баяулауынан зардап шегуі мүмкін басқа адамдардың да ісге қосылуын жоспарлаған.

    Жасанды интеллект саласындағы компания басшыларының технология дамуын баяулатуды қолдауы зерттеушілердің бақылау шаралары жеткіліксіз болған жағдайда жасанды интеллект адамзатқа экзистенциалды қауіп төндіруі мүмкін деген ескертулерінен кейін айтылған.

    Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та тұратын Скотт Уинтерс ChatGPT берген денсаулыққа қатысты кеңестерге сеніп, дәрігерге уақытында қаралмағанын айтып, OpenAI компаниясын сотқа берген еді. Оның айтуынша, кейін өкпе артериясының ауыр тромбоэмболиясына шалдығып, өміріне қауіп төнген. OpenAI өз кезегінде ChatGPT дәрігердің орнын баспайтынын және оны диагноз қою немесе ем тағайындау үшін қолдануға болмайтынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →