Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тоқаев рұқсатсыз граффитиге қатаң шара қолдануды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттарға рұқсатсыз граффити салуға жол бермеуді және заңнамалық шараларды күшейтуді тапсырды.

    Тоқаев рұқсатсыз граффитиге қатаң шара қолдануды тапсырды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимарат қабырғаларына рұқсатсыз граффити салуға жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент мұндай әрекеттер қалалардың сәулеттік келбетіне кері ықпал ететінін атап өтті. Осыған орай қоғамдық орындар мен ғимараттарды бүлдіруге тосқауыл қоятын заңнамалық шараларды күшейту қажеттігін жеткізді.

    Сонымен қатар Тоқаев жауапты органдарға қала тазалығы мен қоғамдық кеңістіктердің тәртібін сақтауға ерекше мән беруді тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →